Елімізде 15,4 мың шетелдік еңбек етіп жүр

1163

Елге келген жұмысшылар көбінесе құрылыс саласында жұмыс істейді.

Елімізде 15,4 мың шетелдік еңбек етіп жүр

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының соңында Қазақстанда жұмыспен қамтылғандар саны 8,78 млн адамды құрады. Бұл 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,1% аз. Бұған дейін үш жыл қатарынан өсім байқалған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Халықтың жартысына жуығы сауда және автомобиль жөндеу (1,46 млн адам), ауыл, орман және балық шаруашылығында (1,15 млн адам), білім беруде (1,12 млн адам) және құрылыста (630,76 мың адам) жұмыс істейді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту бойынша квота белгілейді. 2021 жылы бұл көрсеткіш елдегі жұмыс күшінің 0,31% деңгейінде белгіленді.

Қазақстанда еңбек ететін шетелдік жұмысшылардың саны биылғы жылдың мамыр айының басында 15,4 мың адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2%-ға аз (18,9 мың адам).

Шетелдік жұмысшылардың жартысынан көбі тек 5 елден келеді: Қытай (3,7 мың адам), Өзбекстан (1,7 мың адам), Түркия (1,6 мың адам), Үндістан (1,1 мың адам) және Ұлыбритания (930 адам). 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу