2019 жылы Қазақстанда 154 ойын-сауық және демалыс паркі тіркелген. 2018 жылы 150 болған . Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.
154-інің 99 сыртта, ал 55-сі ғимаратта орналасқан. 62 парк мемлекетке, ал 89-ы жеке меншік иелеріне, ал 3-еуі шетелдіктерге тиесілі.
Коронавирус індетіне байланысты бірқатар парк жабылып қалды. Қатарында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық паркі бар. Сонымен қатар ойын-сауық нысандары орналасқан MEGA желісі де жұмысын тоқтатты.
Демалыс парктері ең көп орналасқан аймақтар: Түркістан облысы (27 парк), Қарағанды облысы (22 парк), Алматы (15 парк) мен Шымкент (15 парк).
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу