Қазақстанда күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.
Жөндеу жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілді. Ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды. Мұнда 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.
Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісі, 52 қосалқы станция және 609 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді. Ал Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жаңартылды.
Атқарылған жұмыстар электр желілерінің жылыту маусымында тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған. Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезінде электр энергетикасы нысандарының жұмысына бақылауды жалғастырады.