Қазақстанда 17,8 мың адам банкрот деп танылды

224

Соттан тыс банкроттық рәсіміне 131 мыңнан астам өтініш келіп түсті. 6,6 мың өтініш мемлекеттік кірістер органдарында қаралуда; 8 мың азаматқа қатысты рәсім жүргізілуде; 2 мыңға жуық азаматқа қатысты рәсім тоқтатылды.  

Қазақстанда 17,8 мың адам банкрот деп танылды Фото: inbusiness.kz

17,9 мың азамат банкрот деп танылды, жалпы қарыз сомасы – 40,9 млрд теңге, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

96 мың өтініш бойынша бас тартылды.

Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, банкроттық рәсімінің кейбір критерийлеріне сәйкес келмеген өтініштерге теріс жауап қайтарылды, атап айтқанда, 12 айлық төлем қабілетсіздігі  болмауына байланысты; соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімінде кредиторлардың болмауы; мүліктің болуы; кредитормен реттеу рәсімін  растайтын құжаттың болмауы; 1 600 АЕК көлеміндегі қарыз шегінен асып кетуі. 

"Азаматтар негізгі критерийлерді біле тұра, әлі де өтініш беріп, нәтижесінде бас тарту саны артып жатыр. Соттың банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тәртібін қолдануға 3,5 мыңнан астам азамат жүгінген. 131 борышкерге қатысты банкрот рәсімі жүргізілуде. Сот банкроттығы барысында 45 адам банкрот деп танылып, олар бойынша 13,6 млрд теңге қарыз кешірілді. 1 азамат 10 млн теңге сомасымен төлем қабілеттілігі қалпына келтірілуде. Екі банкроттық рәсім аясында барлығы 54 млрд теңге сомасына 17,8 мыңнан астам азамат банкрот деп танылды", – деді ҚР ҚМ МКК төрағаның орынбасары Сеилжан Ахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу