Қазақстанда 3 қазандағы жағдай бойынша 18 млн 177,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, шаруалар 13 млн 453,7 мың гектардан (өңірлердегі астықтың 89,5%) астық орған. Орташа өнімділік гектарына 13,5 центнерді құраған. 2017 жылы осы кезеңде 15 млн 170,3 мың гектар астық жиналып, ҚР облыстарындағы жалпы астық жиналатын танаптың 99% құраған, сондай-ақ 21 млн 222,7 мың тонна астық бастырылған.
Қазақстанда 2018 жылы астық жиналатын танаптың аумағы 15 млн 026,1 мың гектарды құраған. 2017 жылы бұл аумақ 15 млн 323,6 мың гектар болған.
Биыл егіс науқанында 15 млн 122,6 мың гектарға егін егілсе, былтыр бұл көрсеткіш 15 млн 411,6 мың гектарды құраған.