Еліміздің басым бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен өзгереді. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
"18-20 мамырда солтүстік-батыста және орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Сонымен қатар жел соғады деп болжанды", - деді синоптиктер.
Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3 градусқа дейін аяз сақталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу