Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 12,6 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,7 ц/га болған кезде 18,5 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, бидай 9,8 млн га алқапта жиналып, өнімділігі 14,1 ц/га 13,9 млн тонна бастырылды, арпа – 1,9 млн га, өнімділігі 16,6 ц/га 3,2 млн.тонна бастырылды, сұлы – 154,3 мың га, өнімділігі 15,9 ц/га 245,4 мың тонна бастырылды.
Биылғы жылы майлы дақылдар 395 мың га алқаптан жиналды, орташа өнімділігі 11,7 ц/га болатын 461,1 мың тонна бастырылды.
87,8 мың гектар алқаптан 232,9 ц/га өнімділік кезінде шамамен 2,0 млн тонна картоп жиналды, көкөніс дақылдары 96,6 мың гектардан 248,2 ц/га өнімділік кезінде 2,4 млн тоннадан астам жиналды.
Бақша дақылдары 96,2 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 262,8 ц/га, жалпы алым 2,5 млн тоннадан асты.
Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.