Қазақстанда 181 мың гектар жердің астығы жойылды – АШМ

321

Бұл негізінен Павлодар облысында болды.

Қазақстанда 181 мың гектар жердің астығы жойылды – АШМ Фото: inbusiness.kz

Биыл вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер құрғақшылық пен суармалы судың болмауына байланысты бірқатар мәселеге тап болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, бұл егістіктердің жай-күйіне әсер етті.

Әбілхайыр Тамабек келтірген мәліметтерге сәйкес, дәнді дақылдар егістерінің 45,1%-ы (7,8 млн гектар) жақсы жағдайда, 46%-ы қанағаттанарлық (8 млн гектар) және 7,5%-ы нашар жағдайда (1,3 млн. гектар) болды.

"181 мың гектар немесе астық егістерінің 1%-дан кемі жойылды. Бұл негізінен Павлодар облысында болды. Осы көрсеткіш орташа көпжылдық көрсеткіштерден (2,4%) төмен екенін атап өтеміз. Салыстыру үшін айта кетсем, құрғақ деп саналған 2021 жылы дақылдардың 3,8%-ы жойылған болатын. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24 млн гектарды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп. Осы жылы дәнді және бұршақты дақылдарды  жинау алаңы 17,3 млн га құрайды", - деді ол Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысында.

АШМ өкілі дәнді және бұршақты дақылдарды жинау уақытында басталғанын, егіннің түрлері жақсы болғанын атап өтті. 

"Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған ұзақ жауын-шашын өзінің кесірін көрсетті. Бұл жаңа түсімнің сапасының нашарлауына, астықтың өніп кетуіне, жоғары ылғалдылық пен рефакцияға және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді", - деді вице-министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу