Қазақстанда 2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған

413

6,9 млн адам жалданып жұмыс істейді.

Қазақстанда 2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Олардың ішінде:

жалдамалы – 6,9 млн адам

өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн

Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі:

сауда – 16,6%

білім – 12,9%

өнеркәсіп – 12,3%

ауыл шаруашылығы – 12,2%

құрылыс – 7,1%

көлік және қойма – 7%

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2%

мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8%

басқа да қызмет түрлері – 3,9%

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1%

әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3%

тұру және тамақтану қызметтері – 2,4%

қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2%

ақпарат және байланыс – 2%

жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6%

өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%

Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу