Қазақстанда 2,3 млн баланың 11%-ынан түрлі ауру анықталды

317

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.  

Қазақстанда 2,3 млн баланың 11%-ынан түрлі ауру анықталды Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 2,3 млн бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде 242 мың баладан, яғни 11%-ынан түрлі ауру анықталды.

Балалар арасында ең жиі кездесетін аурулар қатарында тісжегісі, анемия және миопия бар. 86,7 мың бала әрі қарай ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда динамикалық бақылауға алынған.

Соңғы үш жылда мектептердегі медициналық пункттердің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және кадрлармен жасақталуы 95%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар балалар арасында стоматологиялық аурулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. "Болашаққа сау тіспен" жол картасы аясында 2025 жылдан бастап білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттер саны 145-тен 288-ге дейін көбейтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу