Қазақстанда 2,5 мың Қытай кәсіпорны тіркелген

2686

Қазақстанда жалпы сомасы 27,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 55 Қазақстан-Қытай жобасы жүзеге асырылуда.

Қазақстанда 2,5 мың Қытай кәсіпорны тіркелген

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылғы шілде айының соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 2,5 мың Қытай кәсіпорны тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 1,1 мың.

Сондай-ақ ел аумағында 3 Қытай банкі жұмыс істейді: Altyn Bank, Bank of China Kazakhstan және ICBC (Қытайдың сауда-өнеркәсіптік банкі). Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, банктердің активтері 886,2 млрд теңгеге немесе банк секторының жалпы көлемінің 3,5%-на жетті.

Қазақстанда жалпы сомасы 27,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 55 Қазақстан-Қытай жобасы жүзеге асырылуда. 2015-2018 жылдар аралығында 10 кәсіпорын іске қосылған.

Finreview.info ұсынған мәлімет бойынша, бүгінде 13 жоба іске асыру кезеңінде. 2019 жылы жалпы сомасы 350 млн АҚШ долларын құрайтын 3 жобаны қосу күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу