Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Былтыр мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақытылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай келмейтіні анықталған болатын.
Биылғы жылдың соңына дейін 2 487 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізіледі.
"Өткен жылы комитет пен оның аумақтық департаменттері 2 624 білім беру ұйымында түрлі тексеріс жүргізді, оның ішінде мемлекеттік аттестаттау, профилактикалық бақылау, шағымдар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді", – деп атап өтті білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
Тексеру нәтижесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының уақтылы аяқталмағаны, мектептердің материалдық-техникалық базасының талапқа сай қамтамасыз етілмегені анықталған.
Бұл мониторинг және бағалау қызметі – білім беру қызметінің сапасын, білім беру үдерісіне қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін шара.