Қазақстанда 2 миллионға жуық кадр тапшылығы сезілуі мүмкін

Мәжілісте депутаттық сауал жолдаған Нұргүл Тау осылай дабыл қақты. 

Қазақстанда 2 миллионға жуық кадр тапшылығы сезілуі мүмкін Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, елімізде кадр тапшылығы – ең өзекті мәселенің бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Депутат Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасынан бір жылдың көлемінде 400-ге жуық маманның жұмыстан шығып кеткенін айтады. 

– Қазақстанда, кадр тапшылығы – өте өткір мәселелердің қатарында. 2030 жылға қарай мамандарға деген қажеттілік 1 млн 800 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Қоғамда дәл осындай күрделі мәселе барда, жұмысшылардың қызметінен жаппай босатылып жатқанын қалай түсінуге болады? Бұл мәселені жаңалықтар да жарыса айтуда, мұндай жағдайға тап болған жұмысшылар әлеуметтік желілерде қорған сұрап, үндеу жолдауда, алайда құзырлы органдар әрекетсіз отыр, – дейді ол.

Депутат бірқатар үндеудің негізінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресурстарды басқару жүйесінің (СУР) базасынан нақты мәліметтерді сұратқан. Сол арқылы бір жылдың жобасында Алматыдағы №1 қалалық клиникалық ауруханасынан 398 адам, №10 қалалық емханасынан 121 адам, №30 қалалық емханасынан 90 адам және Көкшетаудағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасынан 153 адам жұмыстан кеткенін анықтап отыр. Мамандардың жұмыстан шығуына басшының қысым көрсетуі, жалақының аздығы себеп болуы мүмкін.

– Алматы қаласы Кардиологиялық орталығында зейнет жасындағы жаңа басшының келуімен Министрліктің базасынан алынған мәліметтерге сәйкес, 1 жылдың ішінде 218 маман жұмыстан шыққан. Олардың қатарында білікті кардиохирургтар, 15-20 жылдан астам қызмет еткен тәжірибелі дәрігерлер, зейнет жасына таяған мамандар, техникалық қызметкерлер бар. Түрлі қысым көріп жұмыстан шыққан ақ халатты жандар уәкілетті органдарға ұжымдық хат жолдаған, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат та берген. Осы істің мән-жайларын анықтау үшін Еңбек министрлігіне тексеруді ұсындым. Министрлік жүргізген анонимді сауалнама нәтижесінде қызметінен өз еркімен босатылған қызметкерлердің 46%-ы жұмыстан шығуға мәжбүр болғандығы анықталған. Үш азамат статьямен жұмыстан кетіп, сот шешімі арқылы жұмысқа қайта орналасты. Өзге де анықталған құқықбұзушылықтар бойынша мекемеге ескерту беріліп, бар жоғы 110 мың теңге ғана әкімшілік айыппұл салынған, – деп жалғады сөзін Н.Тау.

Өз кезегінде депутат жағдайды болдырмас үшін бірнеше ұсыныс та айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу