Қазақстанда 2 жаңа байыту кәсіпорны жылына 190 мың тонна мыс концентратын өндіреді

123

Екі кәсіпорынның кен өңдеу қуаты жылына 10,5 млн тоннаға жетеді.  

Қазақстанда 2 жаңа байыту кәсіпорны жылына 190 мың тонна мыс концентратын өндіреді Фото: naryk.kz

Бесшоқы және Қызылту кен орындарында салынып жатқан жаңа байыту кәсіпорындарында жылына шамамен 190 мың тонна мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі кәсіпорынның кен өңдеу қуаты жылына 10,5 млн тоннаны құрайды.

Кәсіпорындарды жобалауға қажетті технологиялық шешімдерді "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК филиалы – "Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институтының" мамандары әзірледі.

Мамандар Бесшоқы кен орнындағы мыс-порфирлі және Қызылтудағы мыс-молибденді кендерді флотациялық байыту технологияларын жасап, тиісті технологиялық шешімдерді жаңа байыту фабрикаларын жобалау регламенттеріне енгізді.

Бесшоқы кен орнында жылына 7,5 млн тонна кен өңделіп, шамамен 142 мың тонна мыс концентратын алу көзделген. Оның құрамындағы мыс үлесі 25% болады.

Ал Қызылту кен орнында жылына 3 млн тонна кен өңделіп, шамамен 48 мың тонна мыс концентраты өндіріледі. Концентраттағы мыс мөлшері 21% деңгейінде болады.

Биыл институт мамандары өңделетін кеннің минералдық құрамын және өндірістік жағдайларды ескере отырып, Бозшакөл және Қаршыға байыту фабрикаларының технологиялық регламенттеріне де түзетулер енгізіп жатыр.

"Зертханалық флотациялық машиналарда мамандар кенді ұнтақтау деңгейінің әсерін зерттеп, флотацияның оңтайлы режимдерін іріктеп, сынақтан өткізуде. Алынған нәтижелер мыс алу көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді және аталған байыту фабрикаларының жұмысын жетілдіруде пайдаланылады", – деді "ҚР МШКҚӨ ҰО" РМК "ШҒЗТКМтүсмети" филиалы директорының қолданбалы зерттеулер және сынақтар жөніндегі орынбасары Лариса Кушакова

Институт әзірлеген технологиялық шешімдер жаңа байыту фабрикаларын салуға және Қазақстанның мыс өнеркәсібінің тиімділігін арттыруға негіз болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу