Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бидай 10,7 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,2 ц/га кезінде 15,2 млн тонна бастырылды. Арпа - 1,9 млн га, өнімділігі 16,7 ц/га кезінде 3,3 млн тонна бастырылды. Сұлы - 158,2 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га кезінде 250 мың тонна бастырылды.
Биыл майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды. Орташа түсімділігі 11,5 ц/га 568 мың тонна бастырылды. 95 мың га алқаптан өнімділігі 233,8 ц/га болғанкезде 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 100,1 мың га жиналды, өнімділігі 248,2 ц/га болған кезде 2,4 млн тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды. Өнімділігі 264,1 ц/га, жалпы түсімі 5 млн тоннадан асты.
Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.