Қазақстанда 20 мың экстремизмді жақтаушы тұрады

979

Бұл діни ағымды ұстанатындардың басым бөлігі еліміздің оңтүстігі мен батысында шоғырланған.  

Қазақстанда 20 мың экстремизмді жақтаушы тұрады

Терроризмге қарсы күрес орталығы басшысының орынбасары, ҰҚҚ полковнигі Сергей Швейкиннің хабарлауынша, Қазақстанда экстремизмді жақтаушылардың саны 20 мыңнан асады. 

"Біздің бағалауымызша Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асады. 2013 жылдан бері олардың басым бөлігі Сирия мен Иракка аттанған. Бұл уақытқа дейін шетелге 800-ге жуық қазақстандық аттанды. Олардың көбі сол жақта көз жұмды. Бір бөлігі осы елдерде ұсталып, Қазақстанға қайтарылды",– деді Сергей Швейкин  ІХ дінтанушылар форумында.

Сонымен қатар, ол экстремистік діни ағымды ұстанатындардың басым бөлігі еліміздің оңтүстігінде, батысында және орталығында тұратынын айтты. Бұдан бөлек, отандастарымыз ДАИШ, Әл-Каида, Ислам жиһад одағымен қатар өзге де халықаралық террористік ұйымдарға мүше көрінеді.
Бұл ретте Сергей Швейкин, Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жандандыру қажет екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу