Қазақстанда 20 мыңнан аса адам қызылша жұқтырды

Елімізде эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Қазақстанда 20 мыңнан аса адам қызылша жұқтырды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Жыл басынан бері Қазақстанда 20 188 адам қызылша жұқтырды. Оның 81%-ы балалар. Мұнда 10 жасқа дейінгі 16 351 бала ауру жұқтырған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында (3,4%) аурудың 706 дерегі, ересектер арасында (15,4%) 3 131 дерек тіркелді", - деді Манар Смағұл.

Бұл ретте спикер вирус жұқтырғандар қай өңірлерде көп тіркелгенін айтты. 

"Қызылша жұқтырудың ең көп дерегі Шымкентте – 3 069 жағдай, Алматы қаласында – 3 010 жағдай, Жамбыл облысында 2 724 жағдай тіркелді. Содан кейін тізімде Маңғыстау (1 701 дерек), Алматы (1 812 дерек), Атырау (1 377), Ақтөбе (1485), Қызылорда облыстары (1 182 дерек) бар. Күн сайын Қазақстанда қызылша ауруын жұқтырудың 350-ге дейінгі дерегі тіркеледі. Олардың басым бөлігі – ауруға қарсы вакцина алмаған балалар. Еліміз бойынша екпе алмаған балалардың үлесі – 83,6% (13 670 жағдай)", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу