Қазақстанда 2018 жылдан бастап электронды виза беріле бастайды

823

Қазақстанда 2018 жылдан бастап электронды виза беріле бастайды

Электронды виза беретін елдердің тізімі анықталды, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында бұл мәселе толығымен қарастырылды. Біз ең озық тәжірибені, әсіресе Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) зерттедік. Жақында премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев бастаған үлкен делегация Эстонияға барып, сол жақта да осы мәселе зерттелді", - деді ол Қазақстандағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мәселесі бойынша өткен үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды визаларды беру жүйесі биыл енгізілетін болады.

"Ия, биылғы жылы біз көптеген елдер үшін электронды виза үшін пилоттық жобаларды енгізуді жоспарлап отырмыз, ол елдердің тізімі анықталды. "Бүркіт" мәліметтер базасының жүйесін жақсарту қажет. "Бүркіт" жүйесінің әкімшілігі ҰҚК. Қазірдің өзінде қажет сома анықталды, ҰҚК өз жүйесін жетілдіру үшін республикалық бюджет комиссиясы бұл соманы бекітті. Сондықтан, биылғы жылдан бастап электронды визаларды беруді бастаймыз", - деп атап өтті Мұхтар Тілеуберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу