Қазақстанда 2020 жылы автоматты ақпарат алмасу жүйесі іске қосылады

800

Қазақстанда 2020 жылы автоматты ақпарат алмасу жүйесі іске қосылады

Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көпжақты келісіміне қосылды. Бұл қадам ел аумағынан қаржының жылыстауына тосқауыл болады, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

"Көпжақты келісім Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы 267-V Заңымен ратификацияланған "Салық салу мәселелері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы"  конвенцияның (Страсбург конвенциясы) 6-бабына негізделеді және қаржы есептілігінде автоматтандырылған ақпарат алмасудың бірыңғай стандартын енгізуді қарастырады", - деп жазылған  хабарламада.

Жалпыға бірдей ақпаратпен алмасу стандартын (CRS) заңнама аясында салық сомасын төмендету мен салық төлеуден жалтару әрекеттерінің алдын алу және салық ережелерін сақтауды жақсарту мәселелерін шешу үшін G-20 елдерінің қатысуымен ЭЫДҰ әзірледі.

Көпжақты келісімге қосылу ҚР резиденттерінің күнтізбелік жылдың аяғында шетел валютасындағы қаражат шоттарындағы теңгерімдер туралы ақпаратты автоматты режимде алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан алғашқы автоматты ақпарат алмасу жүйесін 2020 жылы іске қосуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу