2023 жылы Қазақстанда 387 фильм түсірілді, алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 56 бірлікке артық.
Толық метражды фильмдерден:
- 35 – ойын
- 50 – деректі
- 3 – анимациялық
- 9 – хроникалық
Кино түсірумен айналысқан кинематография ұйымдарының саны 98 болса, 2022 жылы олардың саны 67 болған.
2023 жылы барлық киносеансқа барушылардың 39% ұлттық киноны көрген – бұл бір жылдағы 20 млн көрерменнің 8,2 млн-ы.
Жалпы елімізде 113 кинотеатр бар. Олардың көпшілігі Республикалық маңызы бар қалаларда – Алматы (21 бірлік), Астана (10 бірлік), Шымкент (10 бірлік).
Өткен жылы барлығы 985 мың киносеанс өткізілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу