Қазақстанда 2023 жылы адам саудасына қатысты заң жобасы әзірленеді

1065

Ішкі істер министрлігі қыркүйекте "адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасының тұжырымдамасын ұсынып, құжатты 2023 жылдың сәуірінде Парламентке енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда 2023 жылы адам саудасына қатысты заң жобасы әзірленеді

"Адам құқықтары және адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық конвенцияларда ратификацияланған көптеген ережелер ұлттық заңнамаға енгізілген. Сонымен бірге, елде жеке заң қабылданған жоқ... Тұжырымдаманы әзірлеу мерзімі – 2022 жылғы қыркүйек, ал заң жобасы – 2023 жылғы сәуір", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында.

Заң жобасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құру, уәкілетті органдарды анықтау, ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін реттеу, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен бірге адам саудасыны құрбаны болған шетелдіктерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелерді орындау мәселелері қамтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу