Қазақстанда 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салынады

976

Тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстанда 2025 жылға дейін 1 мың мектеп салынады

"Орта білім беру жүйесінде мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесі әлі де өткір болып тұр. Дефицит – 225 мың орын. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай бұл қажеттілік миллионға дейін жетуі мүмкін. Мен бұдан бұрын 2025 жылға қарай 800-ге жуық мектеп салуды тапсырғанмын. Мен бүгін осы тапсырманы 2000 мектепке дейін арттыруды жүктеймін", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетсек, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу