Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алу мерзімінен бұрын басталды

314

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Қазақстанда 2027 жылға арналған дәрі-дәрмек сатып алу мерзімінен бұрын басталды Фото: rbc.ru/life

Денсаулық сақтау министрлігі "СҚ-Фармациямен" бірлесіп, 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу науқанын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Биыл бұл жұмыс алғаш рет белгіленген мерзімнен үш ай бұрын, 1 шілдеде қолға алынды. Ал стационарлық медициналық ұйымдарға арналған сатып алу рәсімдері 22 маусымнан бері жүргізіліп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, сатып алу науқанын ерте бастау жеткізушілермен келісімшарттарды алдын ала жасасуға, қажетті қорды қалыптастыруға және медициналық ұйымдарды 2027 жылдың алғашқы күнінен бастап дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2027 жылы 2 174 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымды сатып алу жоспарланған. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік-құқықтық базаны жаңартып, баға белгілеу тетіктерін жетілдіріп, өңірлердің нақты қажеттіліктері негізінде сатып алу жоспарын қалыптастырды.

Ведомствоның айтуынша, қабылданған шаралар жоспарлау сапасын арттырып, жеткізілімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтудағы үзілістердің алдын алуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу