Қазақстанда 2028 жылға қарай долларлы миллионерлер саны 60 мыңнан аспақ

297

Швейцарияның қаржылық холдингінің мәліметінше, 2028 жылға қарай Қазақстанда долларлы миллионерлер саны 60 мыңнан асуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда 2028 жылға қарай долларлы миллионерлер саны 60 мыңнан аспақ Фото: istockphoto.com

Дүниежүзі бойынша әр мемлекеттің әл-ауқатына қатысты жүргізілген есеп қорытындысына сүйенсек, былтыр біздің елде жеке қорында 1 миллион доллары бар адам саны 44 мыңнан асқан. Енді осы көрсеткіш баяу болса да тоқтаусыз өсуі ықтимал. 

Өйткені бүгінде долларлы миллионерлер қатары әлем бойынша артып жатыр. Қазір АҚШ, Қытай және Ұлыбритания алғашқы үштікте тұр. Ал Қазақстанда алдағы 5 жылда бай-манаптар қатары 37 пайызға көбеймек. Бұл жағдай экономикаға қалай әсер ететінін сарапшы айтып берді. 

"Әрине, бұл үрдістің экономикаға, әсіресе сауда байланыстарына өз әсері бар. Байлардың жаңа плеядасы қай секторға барады, қай сектордан байлар шығады соған тікелей байланысты. Егер шикізат саласы бойынша байлар шыға беретін болса, сауда-саттық пен басқа құрылымдарда қазіргі жағдайдан өзгеріс болмайды. Егер өндірістік сектордан шығатын болса, яғни, зауыттардан бәсекеге қабілетті дайын өнім шығарып, экспортқа жұмыс істесе онда біздің тауар айналымы, сыртқы айналым, экспорт көрсеткіші жақсы жаққа өзгереді", – деді экономист Айбар Олжай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу