"2030 жылы соғыс болуы мүмкін": Депутат Қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланды

2823

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мәжіліс депутаттарына "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет" жобасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"2030 жылы соғыс болуы мүмкін": Депутат Қорғаныс министрлігіне бөлінген қаржыға ашуланды Фото: parlam.kz

Министрліктің таныстырылымы кезінде депутат Ермұрат Бәпи Қазақстан мемлекеті Украинамен салыстырғанда қорғанысқа тым аз ақша жұмсайтынын алға тартты.

"Бюджеттегі тапшылық! Кепкен тулақ сияқты дүние ғой. Ешкінің кепкен терісі сияқты – былай тартсаң былай жетпейді, былай тартсаң былай жетпейді. Екі жаққа тартсаң, жыртылып, айырылып кетуі мүмкін. Егер біз геосаяси тәуекелдерді есепке алсақ, осы тапшылықтың бәрі түкке тұрмай қалады. Сондықтан мен ұлттық экономика министрлігінен сұрайын дедім. Қорғаныс саласына бөлінген сома көрсетілді. Бірақ бұл сандар бізге ешнәрсені көрсетпейді. Украинадағы жағдаймен салыстырғанда… Жалпы ішкі өнімнің қанша бөлігін қорғаныс министрлігіне бөліп отырсыздар?" - деген сұрау жолдады Ермұрат Бәпи.

Сонымен қатар ол мамандардың есебін алға тартып, "2030-жылы соғыс болуы мүмкін" екенін айтты.

"Биылғы бюджетте 0,8, келесі 0,4% дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі қазір біздің қауіп-қатер мынау... Мамандардың есебі бойынша 2030-жылы соғыс болады. Сондай тәуекел бар. Ол, тіпті, біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар. Әлемдік сарапшыларды есепке алмағанда! Осындай жағдайда біздің қорғаныс саласына 0,4% бөлу деген, бұл не? Не "заговор" бұл? Қайдан шыққан есеп бұл? Біз мұны әлі көтереміз!" - дейді, депутат Ермұрат Бәпи.

Еске сала кетсек, бұған дейін депутат Ермұрат Бапи әскерде жүріп комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты жанжал "жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін" екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу