Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатқандар жауапқа тартылады

100

Мұндай бастама Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.   

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатқандар жауапқа тартылады Фото: iz.ru

Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатқандарға жауапкершілік енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Соңғы жылдары елде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі дұрыс тамақтану, жастар денсаулық орталықтарын дамыту, темекі мен алкоголь тұтынуды азайту, дене белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу сияқты іс-шараларды қамтитын жол карталарын іске асырып жатыр, – деді вице-премьер.

Серік Жұманғарин салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірқатар маңызды заңнамалық бастама қабылданғанын айтты.

– Мәселен вейптерді әкелуге және сатуға, 21 жасқа дейінгі тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды. Темекі мен алкоголь тұтынуды азайту жөніндегі шаралар бекітілді. Алғаш рет энергетикалық сусындарға акциздер енгізіледі. Мектеп тағамы стандарттары қайта қаралды. Қазіргі уақытта 21 жасқа дейінгі тұлғаларға энергетикалық сусындарды сату нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу шаралары қарастырылып жатыр, – делінген Серік Жұманғариннің депутаттарға берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу