Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды

140

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. 

Қазақстанда 22,7 млн тонна астық бастырылды Фото: gov.kz

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 14,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 88,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 22,7 млн тонна астық бастырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,7 млн тонна майлы дақыл, гектарына 227,3 центнер өнімділікпен 2,6 млн тонна картоп және гектарына 306,7 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 323,6 ц/га өнімділікпен 428,8 мың тонна қырыққабат, 440,5 ц/га өнімділікпен 1017,6 мың тонна пияз, сондай-ақ 288,3 ц/га өнімділікпен 359,6 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу