Қазақстанда 220 электр станциясы жұмыс істейді

477

Станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56 пайыз болды. 

Қазақстанда 220 электр станциясы жұмыс істейді Фото: Inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев генерация секторының қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар. Бұл ретте өткен жылы қуаты 495,6 МВт болатын тағы 16 ЖЭК объектісі  іске қосылды. Станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56 пайызды құрайды. Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуаттың көлемі 20,4 ГВт, жұмыс қуаты 15,4 ГВт құрады. Осы күзгі-қысқы кезеңде тұтыну максимумы – 16,6 ГВт, ал генерациялау максимумы 15,1 ГВт құрады", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Министрдің дерегінше, өткен жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд кВт/сағ құраса, электр энергиясын өндіру – 112,8 млрд кВт/сағ.

"Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясын импорттау 3,4 млрд кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд кВт/сағ құрады", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу