2023 жылы Қазақстанда 230 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ойын-сауық саябақтарының 19,1% ауылды жерлерде орналасқан (44).
Өңірлік бөліністе демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көп саны Түркістан облысында (27 саябақ), Шымкент (25 саябақ) және Астана (22 саябақ) қалаларында.
Ашық аспан астында орналасқан ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 2,2 мың га құрайды.
Саябақтарда барлығы 4130 ойын-сауық нысаны бар, олардың 1641 – аттракциондар, 1673 – ойын автоматтары, 816 – басқа түрлері. Өткен жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына қазақстандықтар 14,7 млн рет барған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу