Қазақстанда 248-ші "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

449

Бекет жергілікті кәсіпкердің қолдауымен құрылды. 

Қазақстанда 248-ші "Ауыл құтқарушылары" ерікті өртке қарсы құралымы ашылды Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Бұланды ауданы Капитоновка ауылында 248-ші “Ауыл құтқарушылары” ерікті өрт сөндіру құралымының ашылуы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл бекет ең жақын маңдағы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 71 шақырым қашықтықта орналасқан және жалпы саны 3234 тұрғыны бар 5 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жедел әрекет ету үшін бөлімше ТЖМ табыстаған өрт сөндіру автоцистернасымен, қажетті жабдықтармен, байланыс құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталған. Бекетте жеке құрамның қызмет атқаруы үшін барлық тиісті жағдай жасалған. Еріктілер ТЖД базасында арнайы дайындықтан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу