Қазақстанда 25 429 адам коронавирустан емделіп жатыр

973

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 2 желтоқсандағы ақпарат.

Қазақстанда 25 429 адам коронавирустан емделіп жатыр

ВАК телеграм арнасына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде елімізде 25 429 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр (21 994 КВИ+ және 3 435 КВИ-), деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Олардың ішінде 5 348 пациент стационарда, 20 081 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 376 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 64 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу