Қазақстанда 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

310

Қазақстан өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасуда. 

Қазақстанда 27 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды Фото: АШМ

Облыстар әкімдіктерінің жедел мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдағы қысқы мал қыстату кезеңіне жоспарланған көлемнің 67%-ын құрайтын барлық түрдегі 27,9 млн тонна жемшөп дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде 22,8 млн тонна шөп, немесе жоспардың 89%-ы, 2,1 млн тонна пішендеме (90%), 1 млн тонна құрама жем, 446,2 мың тонна сүрлем және 1,5 млн тонна сабан дайындалды.

Қысқы мал қыстату кезеңін тұрақты өткізу және сақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" акционерлік қоғамы 201,3 мың тонна астық көлемінде жемшөп қорын қалыптастырды. Қажет болған жағдайда бұл резерв ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жемшөп ресурстарымен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Еліміздің барлық өңірлерінде науқан қарқынды жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының барысын бақылауда. Жүргізіліп жатқан мониторинг және резервтерді уақтылы қалыптастыру мал шаруашылығы қожалықтарын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз етуге және алдағы қысқы мал қыстату кезеңін тиянақты өткізуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу