Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады

614

Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болады Фото: inform.kz

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.

"Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады.

22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу