Қазақстанда 3,2 млн-нан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған

881

Өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың 53,1 пайызында жасалған. 

Қазақстанда 3,2 млн-нан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған Фото: inbusiness.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады.

Тиісті шарттардың болмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосу үшін негіз болады.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін естеріңізге сала кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу