Қазақстанда 3,3 мыңнан астам жалған техникалық байқаудың күші жойылады

360

Қазақстанда 3,3 мыңнан астам жалған техникалық байқаудың күші жойылады Фото: freepik.com


Қазақстанда техникалық байқау ережелерін бұзу фактілері анықталған 3,3 мыңнан астам диагностикалық карталар жойылады, деп inbusiness.kz  "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жұмыс комиссиясының қатысуымен жүргізілген диагностикалық карталардың мониторингі (2023 жылдың 4 шілдесі мен 3 қазаны аралығында) қорытындысы бойынша 3 324 диагностикалық картада көлік құралдарын жалған техникалық байқаудан өткізу фотосуреттерді өңдеу белгілері  бар бұзушылықтар анықталды", - делінген баспасөз хабарламасында.

ҰАТ мәліметінше, көлік құралдарын міндетті техникалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жақын күндері бұл карталар жойылады деп күтілуде.

Жойылғаннан кейін цифрлық құжат eGov мобильді қосымшасында да көрсетілмейді, ал тәртіп бұзушыларға 1414 нөмірінен қайтадан техникалық байқаудан өту қажеттілігі туралы SMS хабарламалар жіберіледі.

"ҰАТ" АҚ міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің ("Техникалық инспекция" БААЖ) операторы болып белгіленді. Қазіргі таңда "Техникалық байқау" бірыңғай ақпараттық жүйесіне 820 техникалық байқау операторы қосылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу