Қазақстанда 3 мың елдімекен ауызсуға мұқтаж

1696

Қазақстанда 3 мың елдімекен ауызсуға мұқтаж

Елде таза ауыз су мәселесін шешу үшін бірыңғай оператор желісі іске қосылуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, бұл жұмысты біршама жеделдете түсуге тиіс. Өйткені Қазақстан аумағын толықтай ауыз сумен қамту үшін әлі 10 жыл қажет.

Ведомство басшысы міндетті "Қазсушаруа" операторына беруді ұсынып отыр. Өйткені аталмыш мемлекеттік шаруашылық мекемесінің 10 мың қызметкері мен 1,5 мың техникасы бар. Яғни, үкімет тапсырысын орындауға күші жеткілікті.

Жалпы елде су мәселесін шешуге "Таза су" және "Ақбұлақ" бағдарламасы іске қосылған. Бірақ 15 жылда тек 4 мың елдімекен ғана орталықтандырылған желіге қосылған. Енді тағы 3 мыңға жуық ауыл суға мұқтаж. Жылдық қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін жеткізгеннің өзінде мәселе тек 2027 жылға қарай ғана шешілуі мүмкін. Шығын 717 млрд теңгені құрамақ. Қазір министрлігік 2018-2020 жылдарға 13 млрд теңге ғана бөліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу