Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, артынша күн ысиды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбырлы ауа райы сақталады.
8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, түнде жылбысқы қар жаууы мүмкін.
"Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін біртіндеп көтеріліп, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді. Ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температуралық фон 22-30 градусты болады", - дейді синоптиктер.