Қазақстанда 30 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

111

Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Қазақстанда 30 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды Фото: istockphoto.com

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға 5,2 млрд теңге сомасында тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың наурызына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 50,1 мың балаға 618,1 млн. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, қажет болған жағдайда біліктілікті арттыру курстарына жіберу және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу