Қазақстанда 32 балалар лагері мен интернатқа айыппұл салынды

358

7 миллион теңгеден астам сомаға Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 32 балалар сауықтыру объектісіне айыппұл салынды.

Қазақстанда 32 балалар лагері мен интернатқа айыппұл салынды Фото: liter.kz

Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшысы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты, Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына сілтеме жасап ortcom.kz

Шілде-тамыз айларында Павлодар, Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында комитет прокуратура органдарымен бірлесіп, 32 балалар сауықтыру объектілеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Мерзімді тексеруді жүргізбей өлшеу құралдарын қолдану анықталды. Осылайша, сенімсіз қаражаттың жалпы мөлшері 337 бірлікті құрайды. Бұл таразылар, термометрлер, анализаторлар мен биохимиялық аспаптар және қан қысымын өлшеуге арналған аспаптар", - деді Қуаныш Елікбаев.

Оның айтуынша, бұл нысандардың басшылары жауапкершілікке тартылып, айыппұл сомасы 7 миллион теңгеден асты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу