Қазақстанда -32 дейін баратын аяз күтілуде

641

11-13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанып отыр. 

Қазақстанда -32 дейін баратын аяз күтілуде Фото: Inbusiness.kz

Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты қар жауып, көктайғақ болады деп хабарлайды ауа-райын болжаушы мамандар. Сондай-ақ, батыс және солтүстік өңірлерде -32 градусқа дейін аяз көтерілуі мүмкін.

"Сондықтан, ауа-райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал  жөніндегі ақпаратты алуға болады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу