Қазақстанда 323 теңіз кемесі бар

971

Қазақстанда 323 теңіз кемесі бар

Қазақстанда су көлігіндегі оқиғалар саны айтарлықтай қысқарғанын байқауға болады. Егер, 2016 жылы 23 оқиға болса, 2017 жылы 8 оқиға тіркелген деп хабарлайды ҚР ИДМ-нің баспасөз қызметі. 

207 жылы Қазақстандағы кемелердің нашар техникалық жағдайы мен кеме жүзетін су жолдарын дұрыс күтіп-ұстамау  секілді флоттағы апатқа себеп болатын проблемалар жойылып, су көлігі оқиғаларын болдырмауға қол жеткізілді.

Комитеттің аймақтық бөлімшелерінде 1885 шағын көлемді, 177 өзен және 93 теңіз кемелері тіркелді. Командалық кұрамның 109 мүшесі аттестациядан өтіп, 129 адамға диплом берілді.

Көлікті бақылау инспекциялары пайдаланымдағы 8574 кемені тексеріп, 1014 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған және 6237 техникалық куәландыру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, кеме жүзетін су жолдарының 13 мың шақырымнан астамы қаралып, 15 заң бұзушылықты жоюға нұсқамалар берілген.

Бүгінгі күні Қазақстанда 323 теңіз кемесі, 765 өзен және 19 мың шағын көлемді кемесі тіркелген. Кеме жүзетін су жолдарының ұзақтығы 4 мың шақырымды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу