Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

1558

Құрылған жұмыс орындарының 214,4 мыңы – тұрақты, 117,6 мыңы – уақытша жұмыс орны.  

Қазақстанда 332 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 1 қазанына 332 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жылдық жоспарды 89% (373 мың) орындалды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп құрылған жұмыс орындары көтерме және бөлшек сауда саласында – 35,8 мың. 32,9 мың – құрылыс саласында, 31,2 мың – ауыл, орман және балық шаруашылықтарында.

Жұмыс орындарының басым бөлігі Алматы (42,3 мың), Қарағанды (31 мың) облыстарында және Алматы қаласында (36,4 мың) құрылды.

Ең аз саны Қызылорда (9,6 мың), Ақмола (10,3 мың) және Батыс Қазақстан (10,8 мың) облыстарында құрылған.

Бүгінгі таңда жұмыс орындарын құру негізінен мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жөніндегі бағдарламалары аясында жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу