Қазақстанда 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

436

Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген. 

Қазақстанда 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды Фото: gov.kz

1 ақпандағы жағдай  бойынша 67,1 мың отбасындағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"АӘК отбасының әр мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. 1 қаңтардан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға (1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік топтама қосымша төлем түріне – 1,5 АЕК мөлшеріне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы көмек алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды есептегенде 106,4 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу