Қазақстанда 377 км жылу желісі жаңартылады

91

Энергетиктер тозған коммуникацияларды жаңартуға кіріспек, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда 377 км жылу желісі жаңартылады Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстанда жылыту маусымы аяқталуға жақын, оның орнын ауқымды жөндеу науқаны басады. ҚР Энергетика министрлігі үшін жылу желілерін ауқымды жаңғырту – тозу деңгейін төмендетуге және жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған басым бағыт болмақ.

Бүгінгі таңда республика бойынша жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 13,4 мың шақырымды құрайды.

Былтыр жылу желілерінде 323 шақырымды құрайтын реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл тозудың орташа деңгейін 52%-дан 50%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ халықты жылумен қамтамасыз ету сенімділігін ұлғайтты.

Биыл 377 шақырым жылу желісін күрделі жөндеуден өткізу және жаңғырту жоспарланған. Негізгі назар желілерінің тозу деңгейі жоғары өңірлерге – ШҚО, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және СҚО-ға аударылады.

Соның ішінде, Энергетика саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2026 жылы 130 шақырым жылу желісін жаңарту көзделген. Тұтастай алғанда, бұл кешенді жұмыстар жылу желілері тозуының орташа деңгейін 48%-ға дейін төмендетуге жағдай жасайды.

Жалпы, 2029 жылға дейін ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 1,6 мың шақырым жылу желісін жаңарту қарастырылған, бұл тозу деңгейін 42%-ға дейін азайтпақ.

Айта кетерлігі, ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жылу инфрақұрылымының жай-күйі мен жаңғыртылуына тұрақты бақылау жүргізеді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ведомство әкімдіктермен бірлесіп, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы ұйымдардың 2026 жылға арналған жөндеу бағдарламаларына ревизия жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу