Қазақстанда 38 градус аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

1543

Атырау мұнай өңдеу зауыты қараша айында еліміздің әр өңіріне 3500 тонна жанармай жөнелтуді жоспарлап отыр. 

Қазақстанда 38 градус аязға төзімді дизель отынын өндіру қолға алынды

"Қазақстанның көптеген аймағында қыс мезгілі өте суық болатынына байланысты бұл отын түрі отандық тұтынушылар арасында кеңінен сұранысқа ие болады. Жанар-жағармайдың алғашқы партиясы Атырау мұнай өңдеу зауытынан 14 қарашада жөнелтілді. Бүгінде тағы 3088 тонна отын тиелді. Атырау МӨЗ-і қараша айында барлығы 3500 тонна жанармай жөнелтуді жоспарлап отыр", – деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары Данияр Тиесов.

Khazar-38 дизель отыны бүкіл Қазақстан үшін бірегей өнім. Себебі ол К5 экологиялық санатына сәйкес келеді. Яғни құрамында күкірт пен парафиндері мөлшері өте аз, төмен температураның ерекшеліктеріне әсер ететін қоспалары жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың соңында Атырау МӨЗ жаңа мұнай өнімдерінің
бірнеше түрін шығара бастағанын хабарлады. Атап айтсақ, 25 градус және 32 градус суыққа төзімді дизель  отынын өндіру. Бұл зауытта жаңа қондырғыларды іске қосудың нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу