Қазақстанда 394 млрд теңгеге химиялық өнімдер өндірілді

1157

Оның 37%-ы Жамбыл облысында шығарылған. 

Қазақстанда 394 млрд теңгеге химиялық өнімдер өндірілді

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда химия өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 393,7 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады, деп хабарлайды  inbusiness.kz "QazIndustry" экспорттық индустрия орталығына сілтеме жасап.

Саладағы кірістің артуы натрий үш фосфаты (+23,7%), жуғыш заттар (+20,3%), көмірқышқыл газы (+14,0%), азот тыңайтқыштары (+ 2,5%), сары фосфор (2,3%) өндірісінің ұлғаюымен байланысты болды. 2020 жылы ЖІӨ құрылымындағы химия өнеркәсібінің үлесі 0,5%-ды құрап, 476,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. 

Өндіріс көлемінің жартысынан астамын (55-65%) саланың ірі кәсіпорындары өндіреді: "Қазфосфат" ЖШС (фосфор және фосфор бар өнімдер), "Ақтөбе хром қосындылары зауыты" АҚ (хром қосылыстары), "ҚазАзот" АҚ (азот тыңайтқыштары), Каустик" АҚ (каустикалық сода, хлор-сілтілі өнімдер). 

Химия өнімдерін ең көп өндіретін аймақ Жамбыл облысы болып табылады, оның үлесіне өнімнің үштен бірінен астамы (химия өнеркәсібіндегі үлесі 36,8%) келеді. Сондай-ақ көшбасшылар қатарында Қарағанды (52,2 млрд теңге, үлесі 10,9%) және Ақтөбе облыстары (39,3 млрд теңге, үлесі 8,3%) бар.

Сала бойынша ең үлкен үлесті: өнеркәсіпке арналған химия секторы алады – 64,5%, одан кейін агрохимиялық өнімдері – 21%, негізгі мұнай химиясы – 13,4%, басқа да химиялық заттар – 1,1% келеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу