Биыл елде 4,9 млн тонна дизель өндіріледі деп болжам жасап отырмыз. Бұл туралы Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2021 жылғы 8 айда Қазақстанда 3 млн 270 мың тонна дизель отыны өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 262 мың тоннаға немесе 9%-ға артық.
"Биыл дизель отыны рекордтың деңгейде өндіріледі деп отырмыз. Біздің болжамға сәйкес 4,9 млн тонна отын өндіріледі. МӨЗ-ді жаңғыртуды аяқтау дизель отынын өндіруді 4 млн-нан (2017 жыл) 4 млн 900 мың тоннаға (2021 жылы) арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, 900 мың тонна артық өндіріледі", - деді Бауыржан Сәлімгереев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Дәурен Ерболат