Қазақстанда 4 автожол реконструкциядан өтеді

297

Олардың ұзындығы – 1955 шақырым.

Қазақстанда 4 автожол реконструкциядан өтеді Фото: Freepik

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында елдегі 4 автожол жобаларында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1 мың 955 шақырымды құрайтын 4 автожол жобаларында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 мың 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 мың 656 бірлік техника және 3 мың 300 жұмысшы жұмылдырылған", - деді министр.

Марат Қарабаевтың айтуынша, ұзындығы 879 шақырым "Қарағанды – Алматы" жолының, 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасып жатыр. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға берілетін болады. 

"Талдықорған – Өскемен" автожолының ұзындығы – 768 шақырым. Бүгінде 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселген болса, үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген. Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жалпы жылдың соңына дейін жұмыстардың барлығы аяқталып, тапсырылатын болады. Ұзындығы 368 шақырым болатын "Атырау – Астрахань" және "Ақтөбе – Қандыағаш" жобалары іске асырылуда. Бүгінде 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде", - деді Көлік министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу