Қазақстанда 4 мың үлескер баспанасын күтіп жүр

133

Еліміз бойынша құрылысы бітпеген 41​ нысан бар.  

Қазақстанда 4 мың үлескер баспанасын күтіп жүр Фото: primeminister.kz

Шамамен 4 мың қазақстандық әлі күнге дейін ақша салған үйлерінің құрылысы аяқталуын күтіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Астанадағы ОКҚ-де өткен брифингте Құрылыс және ТҮКШ саясаты департаментінің директоры Руслан Лепесов мәлімдеді. 

Құрылысы бітпеген нысандар өңірлер бойынша төмендегідей:

  • Ақмола облысы – 13 нысан;
  • Ақтөбе облысы – 12;
  • Маңғыстау облысы – 6;
  • Атырау облысы – 5;
  • Алматы – 4;
  • Алматы облысы – 3;
  • Қарағанды облысы – 3;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
  • Абай облысы – 1.

Лепесовтің айтуынша, бекітілген жол картасы аясында үкімет үлескерлік құрылыстың аяқталмаған барлық мәселесін шешіп, қалған үйлерді 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беруді көздейді.

Құрылысы бітпеген нысандар проблемасы тұрғын үй құрылысы саласындағы ең өткір мәселелердің бірі болып қала береді. Мемлекеттік органдар құрылыс салушыларға бақылауды күшейтіп, басталған істі 2 жыл ішінде аяқтауға уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу