Қазақстанда 41 сұр сертификаттың күші жойылды

625

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Қазақстанда 41 сұр сертификаттың күші жойылды Фото: ortcom

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеу субъектілерінің өлшемшарттарын сақтауына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. 

Жыл басынан бері анықталған бұзушылықтар нәтижесінде сәйкестікті растау жөніндегі органдар 41 сәйкестік сертификатының, 15 сәйкестік туралы декларацияның, 8 сынақ хаттамасының күшін жойды, бес аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынды: үшеуі – аккредиттеу саласының бөлігінде және екеуі толық.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің атына 93 ЕАЭО сәйкестік сертификаты, 72 ЕАЭО сәйкестік декларациясы және 10 ҚР сәйкестік сертификаты бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша хаттар жолданды.

2022 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар Қазақстанның 14 сәйкестік сертификатын, ЕАЭО-ның 43 сәйкестік сертификатын кері қайтарып алды. Екі аккредиттеу аттестаты толығымен кері қайтарылды, алтауы аккредиттеу саласында уақытша жарамсыз деп танылды. ҚР СИМ КТРМ көлік құралдары конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердегі 80 бұзушылық бойынша мәліметтер жолданды.

Аккредиттеу критерийлерін сақтау бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторингті "сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" ҚР Заңының 14-бабына сәйкес ҰАО жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу